Ссылки доступа

Түркия Иран шекарасына жақын маңда ондаған ауған мигрантын ұстады


Түркия билігінің хабарлауынша, екі тәулікте Иран шекарасына жақын маңда 133 заңсыз мигрант ұсталды. Түркия полициясының мәліметінше, 73 ауған азаматы 17 шілдеде Ван провинциясында, тағы 60 мигрант, соның ішінде 59 ауған азаматы 18 шілдеде осы провинцияда ұсталды.

Өткен айда Түркия, Ауғанстан және Иран сыртқы істер министрлері бас қосып, көші-қон саласында әріптестік орнату мәселесін талқылаған. Халықаралық коалиция күштері Ауғанстаннан шығарыла бастағалы бері мигранттар көші артты.

Сарапшылардың болжамына қарағанда, 2021 жылғы қаңтардан бері 270 мың ауған орын ауыстыруға мәжбүр болған. Қауіпсіз жер іздеушілер мен зорлық-зомбылықтан қашқандар саны 3,5 миллионнан асты.

Ауған мигранттарының дені Түркияға қарай қашады. Бұл елде төрт мыңнан астам босқын тұрып жатыр. Олардың дені Сириядан келген.

XS
SM
MD
LG