Ссылки доступа

Өзбекстандағы құрғақшылық: құқық қорғау органдары "су жанжалын" тоқтатты


18 шілдеде Сұрхандария облысының Ангор ауданындағы Навшахар ауылында суға байланысты тағы жанжал шықты. Азаттықтың өзбек қызметіне жіберген видеоға қарағанда, жиырмаға жуық адамның бір-бірімен жанжалдасып жатқанын көруге болады.

Куәгерлердің айтуынша, құқық қорғау органдары қызметкерлерлері келгеннен кейін жанжал тоқтаған.

– Су бөлісе алмай жергілікті тұрғындар күнде жанжалдасады. 18 шілдедегі жанжал көршілер арасында болды, – деді оқиға куәгері.

Бұл кезде Навшахар ауылында 2 шілдеде болған "су жанжалы" бойынша сот отырысы өтті.

– Егінді суғаруға су жетіспегеннен диқандар мен кластер жұмысшылары арасында жанжал шыққан, – деді Эркин Гаппаров атты жергілікті тұрғын.

Ангор аудандық ішкі істер басқармасы бұл мәліметті растап, екі адамға "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша айып тағылғанын хабарлады.

Қазір Өзбекстанның барлық өңірлерінде суға байланысты жанжал шығып жатыр.

Өлкенің су шаруашылығы министрлігінің өкілі жағдай толық бақылауда екенін, алаңдауға негіз жоқ екенін айтады.

Биыл 24 ақпанда ел президенті Шавкат Мирзияев төрағалық еткен үкімет отырысында биыл су нормадан 25% аз болатынын айтып, шенеуніктерге тиісті тапсырма берген.

Бірақ әзірге бұл шаралар су беруге лимит кіргізу және суды кесте бойынша берумен ғана шектеліп жатыр.

XS
SM
MD
LG