Ссылки доступа

Тәжікстанда мешіттерде Құрбан айт намазы оқылды


Тәжікстанда 20 шілдеде Құрбан айт мейрамы атап өтіліп, пандемия жағдайында бірінші рет мешіттерде айт намазы оқылды.

Душанбедегі орталық мешітке барған азаматтар тексеруден өтіп, маска тағып кірді. Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер қатаңдатылып, аралықты сақтау ескертілді.

Тәжікстанда былтыр Құрбан айтта коронавирус пандемиясына байланысты мешіттерде намаз оқуға рұқсат берілмеген.

Биыл 13 мамырда өткен Ораза айтта да тәжікстандықтар айт намазын мешіттерде оқыды.

XS
SM
MD
LG