Ссылки доступа

Қытайдың Чжэнчжоу қаласында су тасқыны болып, кемінде 12 адам қаза болды


Қытайдың Хэнань провинциясының әкімшілік орталығы Чжэнчжоу қаласында су тасқыны болып, кемінде 12 адам қаза болды. Бұл туралы Қытайдың мемлекеттік Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады.

Мұнда үш күннен бері толастамай жауған жауын-шашынның салдарынан метро станциялары бітеліп, қала көшелері өзенге айналған. Синьхуаның жазуынша, 100 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеолардан көшелерде көліктер мен қалдықтардың ағып бара жатқаны көрінеді. Адам жанын түршіктіретін кейбір видеолардан метро станцияларынан шыға алмай, мерт болған жолаушылардың денесінің су бетінде қалқып жатқаны көрінеді.

Болжамға қарағанда, жауын-шашын апта ортасына дейін тоқтамайды. "Мұндай жауын-шашын жүз жылда бір рет болады. Жағдай қорқынышты" делінген Чжэнчжоу қаласының су тасқынымен күрес жөніндегі басқармасының хабарламасында.

XS
SM
MD
LG