Ссылки доступа

Қырғыз билігі селден зардап шеккендерге көмектесуге уәде берді


Қырғызстан президенті үкіметке аймақтардағы табиғат апаттарының алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.

Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Садыр Жапаров түрлі табиғи апаттарға дайын болуды тапсырды. Президент су тасқыны мен селден қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты.

"Сел жүруі мүмкін аймақтарды үнемі бақылап отыру қажет", делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Онда табиғат апаттарынан зардап шеккендерге мемлекет тарапынан көмек берілетіні айтылған.

Еске салайық, он күннен бері Қырғызстанның оңтүстік аймақтарында – Жалал-Абад, Баткен және Ош облыстарында сел жүрді. 12 шілдеде Аксый ауданында тіркелген сел бір үйді орып әкетті. Сегіз адам қаза тапты. 19 шілдеде Лейлек ауданында 16 жастағы қыз селден құрбан болды. 20 шілдеде Созақ ауданындағы селден алты жастағы қыз қаза тапты.

XS
SM
MD
LG