Ссылки доступа

Түркіменстанда белсенділерді қудалау толастар емес


Акция протеста против репрессий в Туркменистане. Нью Йорк
Акция протеста против репрессий в Туркменистане. Нью Йорк

Түркімен билігі бес баланың анасынан Түркиядағы бауырымен араласуды доғаруын талап етіп, оның отбасын "сатқын" деп жариялаймыз деп қорқытқан.

Хельсинки қоры мен "Мемориал" орталығының құқық қорғаушылары түркімен белсенділерін Түркіменстанда ғана емес, шетелде де қудалау жүріп жатқанын мәлімдеді.

Адам құқықтарын қорғаушылар бұрынғы дәрігер Хурсанай Исматуллаеваның ісі туралы мәлімет таратты. Оны 16 шілдеде кешке белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Бұған қоса, құқық қорғаушылар ағайынды Алты мен Мұрад Душемовтер, Мердан Жораев ісі туралы мәлімет берді.

Бұрынғы дәрігер Хурсанай Исматуллаева төрт жыл бойы заңды құқығын қорғау үшін күрескен. Оның ісін Еуропарламент депутаттары қараған. Түркімен билігі осыдан кейін Исматуллаеваны ұстаған болуы керек.

Сол күні Ашғабадта тағы бір белсенді - 32 жастағы Алты Душемов ұсталғаны мәлім болды.

Оның бауыры Мұрад Душемовке 15 маусымда YouTube-те жариялаған видео үшін айыппұл салынған.

Түркиядағы түркімен белсенділері де билік тарапынан қудалау күшейгенін хабарлады.

36 жастағы Мердан Жораев бірнеше ай бұрын түркімен билігін әлеуметтік желілерге сынай бастаған.

20 сәуірде оның Түркіменабадта тұратын қарындасы Азиза Хемраеваны тергеуге шақыртқан. Оған Мерданның айтқандарын көрсетіп, ағасынан бұл әрекетін доғаруды сұрауын талап еткен.

29 жастағы Азиза мамыр айында тағы да қысымға ұшыраған. Бұл жолы билік өкілдері оның бүкіл отбасын "сатқын" деп жариялаймыз деп қорқытқан.

Түркімен билігі белсенділер мен олардың туыстарына жасалған қысым туралы мәліметтерге пікір білдіргісі келмейді.

XS
SM
MD
LG