Ссылки доступа

Өзбек билігі Ташкентке коменданттық сағат енгізгені жөніндегі ақпаратты теріске шығарды


Ташкентте екі апта бойы кешкі сағат 20:00-ден таңғы 8:00-ге дейін көшеге шығуға тыйым салынды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы УзА ақпарат агенттігіне Өзбекстан әділет министрлігінің баспасөз хатшысы Севара Уринбоева мәлімдеді.

Ол халық арасында жалған ақпарат таратудың жауапкершілігі жөнінде ескертті. Уринбоеваның сөзінше, жалған ақпарат таратқан адамдар жауапқа тартылады.

Өзбекстанда халықты дүрбелеңге шақыратын ақпаратты таратқандарға 9300 долларға дейін айыппұл салынады және 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде белгісіз адамдар Ташкентке коменданттық сағат енгізілгені жөнінде ақпарат жариялаған.

Өзбекстанда коронавирусқа байланысты ахуал мәз емес. Вирус жұқтырғандардың көбі Ташкентте тіркеліп жатыр. Осыған байланысты 28 маусымнан бері астанаға карантин шаралары енгізілген.

XS
SM
MD
LG