Ссылки доступа

Қырғызстанда шекара жанжалында өртенген мектеп 1 қыркүйекте қайта ашылады


Қырғызстан үкіметінің төрағасы Улукбек Марипов 21 шілдеде екікүндік сапармен Баткенге барды.

Ол қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыста зардап шеккен Мақсат ауылының тұрғындарымен кездесіп, қираған нысандарды қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.

"Қаржылық мәселелер шешілген. Қаржы бөлінді. Нысандарды жөндеуден өткізіп, ауыл инфрақұрылымын жақсарту, басты көшелерді жөндеу және жарықтандыру керек. Мектепті қалпына келтіру жұмысы толық аяқталды. Мектеп 1-қыркүйекте оқушыларды күтіп алуға дайын", - деді үкімет басшысы.

Қырғыз үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мақсат ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы аяқталып қалған, милиция бөлімшесінің ғимараты толық жөнделген. 100 орынға есептелген "Сейтек" балабақшасы салынып жатыр. Сонымен бірге 83 тұрғын үй салынбақ.

Баткенде, қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыс кезінде 36 қырғызстандық қаза тапты. Тәжікстан 19 азаматы қайтыс болғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG