Ссылки доступа

Өзбекстанда тұрғындардың кейбірі COVID-19-ға қарсы екпе салдырмау жолдарын қарастырып жүр


Иллюстративное фото.
Иллюстративное фото.

17 шілдеде Өзбекстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің коронавирусқа қарсы вакцинаны міндетті түрде салдыру жөніндегі қаулысы күшіне енді.

Дәрігерлердің мәліметіне қарағанда, өзбекстандықтардың вакцина таңдау құқығы жоқ – азаматтарға негізінен өзбек-қытай вакцинасын салып жатыр.

Медицина қызметкерлерінің пікірінше, вакцинаның осы түрі туралы толық мәліметтің жоқтығынан азаматтар екпе салдыруға қорқып отыр.

Билік азаматтарды "жалған ақпаратқа" сенбеуге шақырып, өзбек-қытай вакцинасының тиімділі сынақ барысында дәлелденді дейді.

Өзбекстанда осы күнге дейін вакцинаның бес миллионнан астам дозасы салынған, олардың төрт миллионнан астамы - өзбек-қытай вакцинасы.

Қызмет көрсету саласының қызметкерлері вакцина салдыруға міндетті.

– Менің екпе салдырғым келмейді. Дәрігерлермен сөйлестім. Олар денсаулығында кінарат бар адамдар вакцина салдырмайды дейді. Бала кезімде мен ревматизммен ауырдым. Медициналық құжатты көтерсем, міндетті екпе салдырудан құтыласың деп айтты, дейді банк қызметкерінің бірі.

Жақында Ташкенттің психоневрология ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Зарифбой Ибодуллаев өзбек-қытай вакцинасының тиімділігіне күмән келтірді.

Артынша Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі профессор Ибодуллаевтың айтқандарын "орынсыз, жалған" деп терістеді.

Өзбек-қытай вакцинасын Қытай ғылым академиясының микробиология институтының ғалымдары жасап, Anhui Zhifei Longcom Biopharmaceutical Co.Ltd фармацевтика компаниясы өндірді.

ZF-UZ-VAC2001 деп аталатын вакцинаның бұл түрін сынауға өзбек ғалымдары да қатысты.

XS
SM
MD
LG