Ссылки доступа

Қырғызстанда AstraZeneca вакцинасын салдырып жатыр


Қырғызстанда 22 шілдеден бастап азаматтарға AstraZeneca вакцинасын егу басталды.

Қырғызстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қарасты Республикалық иммунитет саулығы орталығының директоры Гүлбара Ишенапысованың Азаттыкқа хабарлауынша, шілденің аяғында осы вакцинаның тағы 220 мың дозасы жеткізіледі. Қырғызстан бұл вакцинаны COVAX халықаралық бағдарламасы аясында алады.

Бұның алдында AstraZeneca вакцинасының 40 мың дозасы жеткізілген. Оларды Әзербайжан Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде берген. Бұған дейін Қырғызстан азаматтарға Sinopharm мен Sputnik V вакциналарын салды.

Қырғызстанда вакцина қоры 1 млн дозадан асты. 29 наурыздан бастап елде 391 мың азамат вакцина қабылдады.

XS
SM
MD
LG