Ссылки доступа

Беларусьтің әділет министрлігі Журналистер қауымдастығын жабуды талап етті


Заместитель председателя Белорусской ассоциации журналистов Борис Гарецкий
Заместитель председателя Белорусской ассоциации журналистов Борис Гарецкий

белсенді азаматтар мен БАҚ өкілдерін қудалау жүріп жатқан Беларусьта әділет минстрлігі журналистер бірлестігін жабуға тырысып жатыр.

21 шілдеде әділет министрлігі Жоғарғы сотқа шағым түсірген. Онда Журналистер қауымдастығы "бірнеше мәрте заңды бұзды" делінген. 20 шілдеде журналистер қауымдастығының барлық банк есептері бұғатталған. Өткен аптада бірлестің кеңселері тінтілді.

"Ұйымға қарсы қатаң репрессия жүріп жатыр", - деп мәлімдеді қауымдастық төрағасының орынбасары Борис Гарецкий.

Қауымдастық мәліметіне қарағанда, билік бір аптаның ішінде БАҚ редакциялары мен журналистердің үйін 66 мәрте тінтіген. 32 журналист қамауда отыр.

XS
SM
MD
LG