Ссылки доступа

Өзбекстанда такси жүргізушісін өлтірді деп күдікке ілінген жеткіншектер ұсталды


Ферғанада 45 жастағы такси жүргізушісін өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды. Олардың үшеуі кәмелетке жасы толмағандар. Бұл туралы Өзбекстанның бас прокуратурасы хабарлады.

Ұсталғандарға қарсы "Адам өлтіру" және "Денесіне ауыр зақым келтіріп, адамды тонау" баптары бойынша айып тағылған.

Мекеме мәліметіне қарағанда, 20 шілдеде түнгі сағат үшке жақын күдіктілер такси шақырып, қала шетіндегі су қоймасына жеткізуді сұраған. Қаладан шыққаннан кейін олар жүргізушіні өлтіріп, көлігін, 50 мың сумын және телефонын ұрлап кеткен.

XS
SM
MD
LG