Ссылки доступа

Токиода жазғы Олимпиада ойындары басталды


23 шілдеде Токиодағы Ұлттық стадионда Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Жапония астансында коронавирус жұқтырғандар саны артуына байланысты салтанатты кешке аз адам қатысады.

Ойындардың ашылу салтанаты жергілікті уақыт бойынша сағат 20-да (Астана уақыты бойынша сағат 17-де) басталады. Ұйымдастырушылар шоуда не болатынын жарияламады, бірақ оған шамамен 950 адам қатысатынын хабарлады. 68 мың адам сиятын Олимпиада стадионына келетін қонақтар арасында 15 елдің жетекшісі бар.

Шілденің басында ұйымдастырушылар жазғы ойындағы жарыстар көрерменсіз өтетінін хабарлаған. Осындай шешімнің қабылдануына Токиода коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты жарияланған төтенше жағдай себеп болды.

Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары былтыр өтуі тиіс болған, бірақ ол пандемияға байланысты бір жылға шегерілді.

22 шілдеде Токиода 1979 адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталды. Олимпиадаға қатысу үшін аккредитация алған тоқсан адамнан вирус табылды. Олардың арасында бірнеше спортшы бар.

XS
SM
MD
LG