Ссылки доступа

Мирзияевтің таудағы құпия резиденциясын тапқан белсенді партия құрады


Өзбекстанда танымал блогер Алексей Гаршин "Озод Ватан" партиясының құрылтай съезін өткізуге дайындалып жүргенін хабарлады. Блогер президент Шавкат Мирзияевтің "Шоввозсой" құпия резиденциясын тапқан.

YouTube-арнасына жарияланған видеода белсенді Өзбекстанда халық партиясын құрғысы келетінін мәлімдеді.

Озодлик радиосына сұқбат берген Гаршин партияны ұйымдастыру комитеті жасақталғанын, оның жиырмадан астам мүшесі барын мәлімдеді.

Бұның алдында танымал драматург Санжарали Имамов "Озод Ватан" партиясын құру жөніндегі ұйымдастыру жұмыстары басталғанын хабарлаған.

Блогер Алексей Гаршиннің айтуынша, жақында партияның алғашқы съезі өтеді.

– Заңға сәйкес, ұйымдастыру комитетіне кем дегенде елу адам жинауымыз керек. Әзірге жиырма адам бар, – дейді Гаршин.

Заң бойынша, ұйымдастыру комитеті құрылған күннен бастап үш ай жұмыс істей алады. Ал саяси партия құрылтай съезінде немесе конференцияда құрылады.

Өзбекстанда президент сайлауы биыл 24 қазанда өтеді.

Әзірге екі оппозициялық партия – демократиялық "Эрк" партиясы мен жақында пайда болған социал-демократиялық "Хакикат ва тараккиёт" ("Ақиқат пен Даму") партиясы – күздегі сайлауға өз кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеді.

Алайда Өзбекстанның әділет министрлігі екі оппозициялық партияны да тіркеуден бас тартты.

Еске салайық, блогер Алексей Гаршин президент Шавкат Мирзияевтің "Шоввозсой" құпия резиденциясы қайда орналасқанын бірінші болып жариялаған. Оның резиденция туралы мәліметі әлеуметтік желілерде қызу талқыланды.

Алексей Гаршин: Шоввозсой - это наглый грабеж народа
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:08:09 0:00

XS
SM
MD
LG