Ссылки доступа

Қырғызстандағы құқық қорғаушылар Әзімжан Асқаровтың жылы қарсаңында биліктен БҰҰ кеңестерін орындауды талап етті


Азимжан Аскаров.
Азимжан Аскаров.

25 шілде, Әзімжан Асқаров қазасының бір жылдығы қарсаңында адам құқықтарын қорғаушылар Қырғызстан билігініен БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетінің Асқаров ісіне қатысты кеңестерін орындауды талап етті.

«Бир дуйно – Кыргызстан» адам құқықтарын қорғау ұйымының 23 шілдеде таратқан мәлімдемесінде БҰҰ комитетінің кеңестері тағы қайталанған. Біріккен Ұлттыр Ұйымының адам құқықтары жөніндегі комитеті 2016 жылы Қырғызстан билігіне Асқаровты тез арада босатып, айыптау үкімін жоюға кеңес берген.

23 шілдеде халықаралық Human Rights Watch (HRW) адам құқықтарын қорғау ұйымы да мәлімдеме таратты. Онда ұйым Қырғызстан билігінен халықаралық міндеттерін орындауды, Әзімжан Асқаров өліміне қатысты тәуелсіз тергеу жүргізуді, сонымен бірге оның отбасына өтемақы төлеуді талап етті.

Әзімжан Асқаров 2010 жылғы маусым оқиғасы кезінде милиция қызметкерін өлтіруге қатысы бар деген айыппен өмірлік түрме жазасына кесілді.

69 жастағы Әзімжан Асқаров 2020 жылғы 25 шілдеде түрмеде қайтыс болды. Ол Өзбекстанға жерленді.

Оның қазасынан соң БҰҰ-ның Женевадағы адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссариаты Асқаров өлімін тәуелсіз тергеу жүргізу қажет деп мәлімдеді. Басқа да халықаралық ұйымдар қырғыз билігін сынады.

XS
SM
MD
LG