Ссылки доступа

Олимпиада басталған екі күнде қазақстандық спортшылар екі медаль алды


Қазақстандық Игорь Сон Токиодағы жарыс кезінде.
Қазақстандық Игорь Сон Токиодағы жарыс кезінде.

Қазақстандық ауыр атлет Игорь Сон Токиодағы Олимпиада ойындарында қола медаль иеленді.

Бұл - қазақстандық спортшылардың олимпиададағы екінші қоласы. Бұған дейін спортшы Елдос Сметов дзюдодан үшінші орынға ие болған.

61 кг салмақтағы спортшылар арасында жарысқа түскен Игорь Сон жұлқа көтеру және серпе көтеру жаттығуы бойынша 294 (131+163) келі көтерді. Алтынды қытайлық Ли Фабин, ал күмісті индонезиялық Юли Ираван жеңіп алған.

Қазақстан Олимпиада ойындарына ауыр атлетикадан тағы бір спортшы әкелген. Дүйсенбі күні Зульфия Чиншанло (55 келі) медальға таласады.

XS
SM
MD
LG