Ссылки доступа

Пекин АҚШ-ты "Қытайды ұсқынсыз етіп көрсетуге тырысады" деп айыптады


Заместитель министра иностранных дел Китая Се Фэн

Кейбір америкалықтар Қытайды "ойдан құрастылған дұшпан" көреді, АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынастың ушығуының түп-төркіні сонда жатыр. Қытай сыртқы істер министрінің орынбасары АҚШ мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды өкіліне осылай деп мәлімдеді.

Қытай сыртқы істер министрінің орынбасары Сэ Фэн 26 шілдеде АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Венди Шерманға АҚШ Қытайды әлемге "ұсқынсыз етіп көрсетуге" тырысады және бұл амалдан бас тартуы тиіс деді.

Қытай сыртқы істер министрлігінің келіссөз бойынша таратқан мәлімдемесінде Қытайды "ұсқынсыз етіп көрсетуге тырысқан" АҚШ өзінің құрылымдық мәселелері үшін жауапкершілікті Пекиннің мойнына артуға тырысады деп жазған. Қытай СІМ Америка-қытай қатынасы "тығырыққа тірелді" және "едәуір күрделенді" деп санайды.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілдері кездесуден бұрын сапардың мақсаты екі ел арасындағы қарым-қатынастың шекарасын айқындау және қақтығысқа ұласып кетпес үшін тең бәсекелестік шарттарын іздеуге бағытталған деп мәлімдеген. АҚШ осы келіссөз арқылы Пекинге жауапты әрі сауатты бәсекелестіктің үлгісін көрсеткісі келеді деген еді департамент өкілдері.

Венди Шерман Тяньцзиньға сапары барысында сонымен бірге Қытай сыртқы істер министрі Ван Имен де кездесуді жоспарлап отыр. Шерман – қаңтар айында Джо Байден қызметіне кіріскелі бері Қытайға сапарлаған АҚШ-тың ең жоғары лауазымды тұлғасы.

XS
SM
MD
LG