Ссылки доступа

Өзбекстанда монополоист компаниялардың жұмысшылары жалақы мен сыйақы төлемегеніне наразы


"Узбекистон темир йуллари", "УзАвтоМоторс» және "Узбекнефтегаз" секілді монополист кәсіпорындардың, сонымен бірге ішкі істер басқармасы мен халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысшылары айлық пен сыйақыны кешіктіргеніне наразы.

"Озодлик" редакциясына хабарласқан жұмысшылар айлықты бірнеше ай кешіктіріп төлейтініне шағымданды.

"Узбекистон темир йуллари" жұмысшыларының үндеуінде жалақы бірнеше ай төленбегені айтылған.

"Біз "Узбекистон темир йуллари" компаниясында жолсерік болып істейміз. Мерекеде де бізге айлық бермеді, бірақ жұмыстың уақытында атқарылуын талап етеді. Жалақымыз онсыз да аз, соның өзін уақыты ала алмаймыз. Басшылық айлыққа ғана күн көріп отырған жұмысшылардың жағдайын түсінуі керек", – делінген теміржолшылар үндеуінде.

Ал Ферғана облысының ішкі істер басқармасының қызметкерлері екі ай жалақы төлемегеніне наразы.

Әндіжандағы халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің үндеуінде де бірнеше ай бойы жалақы алмағаны айтылған.

"Озодлик" редакциясына UzAutoMotor қызметкерлері атынан бірнеше арыз түсті. Зауыт жұмысшылары Құрбан айтқа сыйақы бермеді дейді.

– Жылда компания Жаңа жыл, Наурыз, Тәуелсіздік күні және Айт мерекесіне орай сыйақы беретін. Екі жылдан бері мерекеде сыйақы төлемей отыр. Жалақы көтереміз деп екі жылдан бері алдап келеді. Байғұс қара жұмысшылар басшылыққа қарсы шыға алмайды. Өйткені зауыт басшылығы қарсы шыққандарды бірден жұмыстан қуады, – дейді зауыт жұмысшыларының бірі.

"Әндіжан мұнай базасы" кәсіпорынының жұмысшылары да сыйақы алмағанына шағымданды.

UzAuto Motors пен "Узбекнефтегаз" өкілдері Құрбан айт кезінде жқмысшыларға сыйақы төленбегенін растады, бірақ оның себебін түсіндіргісі келмеді.

Өзбекстанда айлық кешіктіру қалыпты жағдайға айналып барады. Бұған дейін де республикадағы бірнеше ірі кәсіпорынның жұмысшылары жалақыны кешіктіргені үшін наразылық білдірген.

XS
SM
MD
LG