Ссылки доступа

Бішкек әкімінің орынбасары пара алды деген күтікпен ұсталды


Қырғызстан астанасы басшысының орынбасары 24 шілдеде ұсталды. Арнайы қызмет күтіктінің есімінің бас әріптерін ғана жариялады - С.А.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметі бойынша, астана әкімдігінің қызметкерлері 6 мың доллар пара алу кезінде ұсталды. Тергеу мәліметіне қарағанда, олар бір кафенің қожайынынан 9 мың доллар пара алған. Қала басшылығы құрылыс жүріп жатқан жол бойындағы кафені бұзбауға уәде берген.

Арнайы қызмет ақпаратына қарағанда, ұсталғандар бұл іске вице-мэр С.А.-ның байланысы барын айтқан. Сол себепті қала әкімінің орынбасары 24 шілдеде ұсталып, қамауға алынды.

Бішкек әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметке сенсек, қала басшылығында С.А. дегенге сәйкес келетін бір ғана вице-мэр бар – Сагындык уулу Азамат. Ол қала құрылысы, сәулет және жер мәселелерімен айналысады.

XS
SM
MD
LG