Ссылки доступа

АҚШ Тәжікстанға Moderna вакцинасының 1,5 миллион дозасын берді


АҚШ Тәжікстанға COVID-19-ға қарсы Moderna вакцинасының 1,5 миллион дозасын COVAX бағдарламасы аясында берді. Құрама Штаттардың гуманитарлық көмегі Душанбеге 26 шілдеде таңертең жетті.

АҚШ-тың Тәжікстандағы елшісі Джон Марк Поммершаймның мәлімдеуінше, бұл вакцина көптеген адамның өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

Тәжікстан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVAX бағдарламасы аясында, AstraZeneca уакцинасының 192 мың дозасын алған. Бұл вакцинаның 40 мың дозасын Тәжікстанға Әзербайжан берді. Маусым айының соңында Қытай Душанбеге CoronaVac вакцинасының 300 мың дозасын жеткізген.

Еске салайық, Тәжікстанда кәмелет жасқа толғандарға вакцина егу науқаны жарияланды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, пандемия басталғалы бері елде 14 592 адам вирус жұқтырғаны анықталған, 117 адам қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG