Ссылки доступа

Ташкентте бұрынғы әнші Жахонгир Атажановты милицияға тіл тигізгені үшін соттап жатыр


Джахонгир Атаджанов.
Джахонгир Атаджанов.

26 шілдеде Ташкент қаласының Шайхантахур аудандық сотында бұрынғы әнші, саяси белсенді Жахонгир Атажановтың ісі бойынша сот басталды.

Ташкент қаласының ішкі істер бас басқармасы Атажановты "ішкі істер органының қызметкерінің ар-ұжданына тиді" деп айыптаған.

Атажановтың үстінен Әкімшілік жауапкершілік жөніндегі кодекстің 41-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ішкі істер детартаменті таратқан мәліметте Атажанов "жасаған ісіне өкінеді" делінген

Жахонгир Атажанов былтыр жедтоқсанда үлкен сахнадан кеткенін, оппозициялық "Эрк" демократиялық партиясына қосылғанын мәлімдеді. Ол шілденің басында инстаграмдағы парақшасында үкімет саясатын сынайтын видео жариялап, онда құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің жұмысына көңілі толмайтынын айтқан. Бұрынғы әнші оларды "мемлекет пен халқын сатқанқандар", "тексіздер" деп тілдеген.

Кейін Атажанов инстаграмдағы парақшасына тағы бір видео салып, онда ішкі істер органдарының қызметкерлерінен кешірім сұраған.

Атажановтың кінәсі дәлелденсе, оған айыппұл салынуы мүмкін.

Еске салайық, биыл 10 шілдеде Жахонгир Атажанов саясаттан кетіп, әншілігін жалғастыратынын мәлімдеді. "Эрк" партиясы оны Өзбекстан президенті сайлауына кандидат ретінде ұсынған.

XS
SM
MD
LG