Ссылки доступа

Қырғыз депутаттары Жээнбеков пен Зулпукаровтың қамаудағы мерзімі екі айға ұзарды


Бішкектің 1-май аудандық соты Жогорку Кенеш депутаттары, бұрынғы спикер Асылбек Жээнбеков пен экс-вице-спикер Торобай Зулпукаровтың қамаудағы мерзімін тағы екі айға созды.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар 30 қыркүйекке дейін қамауда отырады.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Құмтөр ісі бойынша бірнеше депутат пен шенеунікке айып таққан. 31 мамырда бұрынғы премьер-министр Омурбек Бабанов, Жогорку Кенеш депутаттары Асылбек Жээнбеков пен Торобай Зулпукаров, экс-депутат Исхак Пирматов пен Талантбек Узакбаев арнайы қызметтегі тергеуден соң ұсталды.

9 маусымда президент Алмазбек Атамбаевтың Жогорку Кенештегі бұрынғы уәкілетті өкілі Данияр Нарымбаев, экс-депутат Алмазбек Баатырбеков қамауға алынды. Үкіметтің парламенттегі бұрынғы өкілі Динара Молдошева күдікке ілікті, ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Сонымен бірге бұрынғы бірінші вице-премьер-министр Тайырбек Сарпашев ұсталды.

Экс-депутатта Алмазбек Баатырбеков пен Талантбек Узакбаев, Исхак Пирматов, сонымен бірге бұрынғы бірінші вице-премьер-министр Тайырбек Сарпашев тергеумен келісімге отырып, олар үйқамаққа ауыстырылды.

Арнайы қызмет бұрынғы президенттер Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиевке іздеу жарияланғанын хабарлады. Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың әрекеттеріне де заң бойынша баға берілетіні айтылды.

XS
SM
MD
LG