Ссылки доступа

Тәжік палуаны Акмал Муродов Токиодағы екінші белдесуінде жеңіліп қалды


Тәжік дзюдошысы Акмал Муродов 27 шілдеде таңертең Гуам атлеті Джоштер Эндрюден басым түсті, бірақ екінші белдесуінде грузин Тато Григалашвилиден жеңілді.

Осылайша Муродов Олимпиада жүлдесі үшін таластан шығып қалды.

Еске салайық, тағы бір тәжік палуаны Сомон Махмадбеков үшінші раундқа дейін жетіп, жүлде ала алмаған

Оның алдында тәжік боксшысы Шаббос Негматуллоев қытай атлетіне есе жіберген.

Тәжікстан Олимпиада ойындары он спортшы алып барды.

Токиода алтын алған атлетке 300 мың сомони сыйақы беріледі. Душанбе басшысы Рустам Эмомали Олимпиада жүлдегерлеріне жаңа пәтер кілтін таспыруға уәде берген.

Жазғы Олимпиада ойындары Токиода 23 шілдеде басталып, 8 тамызда аяқталады. Олимпиада ойындары былтыр өтуі тиіс болған, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты бір жылға шегерілген.

XS
SM
MD
LG