Ссылки доступа

Ереван Армения мен Әзербайжан шекарасында ұрыс болып жатқанын хабарлады


Арменияның қорғаныс министрлігі Әзербайжан жағы екі ел шекарасында армян әскеріне шабуылдағанын хабарлады. Бұл туралы Азаттық радиосының армян қызметі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, Әзербайжан күштері екі ел шекарасын басып өткен, бірақ ұрыс барысында шегінуге мәжбүр болған. Ауданда атыс тоқтаған жоқ, деп хабарлады армян жағын.

Әзербайжан жағының нұсқасы бойынша, армян күштері түнгі сағат екілер шамасында Әзербайжанның Келбаджар ауданының аумағын атқылаған, деп хабарлайды "Спутник" агенттігі. Баку "шекарадағы арандатушылыққа тойтарыс беру үшін әрекет еткенін" хабарлаған.

Армян жағы үш сарбаздың оққа ұшып, тағы екеуі жараланғанын мәлімдеді. Әзербайжан жағы шығын туралы әзірге мәлімет таратпады.

2020 жылдың аяғында Таулы Қарабақтағы әскери жанжал аяқталған соң, Ереван Бакуды республика аумағына басып кіргісі келеді деп бірнеше мәрте айыптады. Мамырда армян премьер-министрі Никол Пашинян Ресей президенті Владимир Путиннен Әзербайжан әскерінің Арменияның Сюник және Гегаркуник облыстарына басып кіруіне байланысты көмек сұрады.

Шілдеде Арменияның батыс шекарасы мен Қарабақтың Нахичевань анклавы арасында жағдай шиеленісті. Тараптыр оқ атты деп бір-бірін айыптады.

XS
SM
MD
LG