Ссылки доступа

Қырғызстан АҚШ-тан 1 млн доллардың медициналық құрал-жабдығын алды


АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) Бішкек, Шу мен Ош облыстарындағы бес аурухана мен үш отбасы медицинасы орталығына медициналық құрал-жабдық берді. Бұл туралы АҚШ-тың Қырғызстандағы елшілігі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, оттегі концентраттары, мобильді рентген аппараттары, тоңазытқыш камералар және басқа да аппараттар COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеуге пайдаланылады.

Ауруханалар мен орталықтары шамамен 500 дана құрал-жабдық алды. Оған шамамен 1,1 миллион доллар кетті.

Ұлттық госпитальдің бас дәрігері Токтобай Маанаевтың хабарлауынша, ауруханада ең алғашқы мобильді рентген пайда болды. Соның көмегімен жағдайы ауыр науқасты ешқайда апармай оның өкпесін рентгенге түсіруге болады.

USAID пандемия басталғалы бері Қырғызстандағы денсаулық сақтау жүйесіне көмек ретінде 4 млн доллардан астам қаражат бөлді.

XS
SM
MD
LG