Ссылки доступа

Тәжікстанда милицияның бұрынғы офицері экстремизм күдігімен ұсталды


Тәжікстанда Есірткі айналымымен күрес жөніндегі басқарманың бұрынғы қызметкері экстремизм күдігімен ұсталды. Бұл туралы күдіктінің туыстары хабарлады.

Түркияда бес жыл тұрған Мухриддин Эмомов 2020 жылғы ақпанда елге оралды. Билік әуелі оған экстремистік ұйымға мүше деген күдікпен іздеу жариялаған, бірақ 2019 жылы рақымшылық жасаған.

Эмомовтың туыстарының айтуынша, оны 7 шілдеде Вахш ауданында арнайы қызмет өкілдері ұстаған. "Ол отбасымен тұратын, асханада жұмыс істейтін" дейді күдіктінің туыстары.

"Қауіпсіздік органдары оны осы асханада ұрлық жасады деген күдікпен ұстаған, кейін оған басқа адамдарға интернет материал жолдады деген айып таққан. Қылмыстық іс қозғалған", - дейді күдіктінің анасы Майдаби Худоёрова. Эмомов он жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Қазір ол Душанбе қаласындағы тергеу изоляторында отыр.

2014 жылы Тәжікстан билігі Қылмыстық кодекске өзгеріс енгізіп, терроризм және экстремизмге қатысы болуы мүмкін шетелде тұратын күдіктілерге рақымшылық жасауға уәде берген.

XS
SM
MD
LG