Ссылки доступа

Баткенде қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжалдан қираған 60 үй қайта жөнделді


Баткен облысындағы қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыста зардап шеккен 140 үйдің 60-ы қайта жөнделіп, 15-іне үй иелері көшіп кірді.

Бұл туралы Жогорку Кеңештің 29 шілдедегі отырысында экономика және қаржы министрінің орынбасары Данияр Иманалиев депутат Рыскелди Момбековтің сұрағына жауап беріп жатып айтты.

Рыскелди Момбеков Баткенде салынып жатқан үйлердің бітуі кешігіп жатқанын сынға алған.

Министрдің орынбасары Иманалиевтің айтуынша, Түркиядан мамандардың кешігуіне байланысты созылып кеткен.

Осыған дейін 21 шілдеде үйлердің құрылысы кешігіп жатқанына наразылық білдірген жиырма шақты тұрғын Баткен әкімшілігі алдына жиналған.

2 шілдеде Тәжікстанның Қырғызстанмен шектесетін Чорку аймағында шекарадағы қарулы жанжалдан кейін қираған 29 үй жаңадан қайта салынып, иелеріне тапсырылған. Тәжік билігі салып берген әрбір жаңа үйге кемінде 130 мың сомони (11 мыңнан астам АҚШ доллары) бөлінген.

XS
SM
MD
LG