Ссылки доступа

Қырғыз-тәжік шекарасының даулы аймағының 40 шақырымы шешілді


Қырғызстан мен Тәжікстандағы 40 шақырым шекара аймағы мақұлданды. Бұл туралы 29 шілдеде Жогорку Кеңештің отырысында шекараны делимитациялау және демаркациялау бойынша үкімет комиссияның мүшесі Абдулат Мырзаев хабарлады.

"Соңғы үш кездесудің қорытындысы бойынша тараптар тағы 40 шақырым бойынша келісімге келді. Тамызда Тәжікстанда кездесу жоспарланған. Ондағы кездесу қорытындысы бойынша ақпарат беріледі. Іс жүріп жатыр, бірақ бұл мәселе қашан шешілетінін айта алмаймыз", - деді Мырзаев.

12-17 шілдеде Бішкекте өткен кездесу соңында қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау бойынша тиісті қаулыға қол қойылған.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының қашықтығы 970 шақырымдай болса, оның 519 шақырымы ғана бекітілген.

XS
SM
MD
LG