Ссылки доступа

Тәжік құқық қорғаушысының қамаудағы мерзімі тағы екі айға созылды


Еңбек мигранттарының құқығын қорғаушы Иззат Амон
Еңбек мигранттарының құқығын қорғаушы Иззат Амон

Тәжікстанда алаяқтық айыбымен қамалған құқық қорғаушы Иззат Амонның ісі бойынша тергеу амалы тағы екі айға созылды. Мұндай шешімді 27 шілдеде Душанбенің Исмоили Сомони аудандық соты шығарды.

Осыған дейін өлкенің бас прокуратурасы Амонның ісі жыл соңына дейін сотқа жіберілетінін мәлімдеген.

ІІМ тергеу басқармасындағы дереккөздің айтуынша, тергеу мерзімі істі тергеп жатқан тергеуші Сипехр Сафаровтың өтініші бойынша ұзартылған. Ол "арыз жазған адамдар мен Иззат Амонды бетпе-бет кездестіру керек екенін" айтқан.

Иззат Амон биыл наурыз айынан бері қамауда отыр.

Мәскеудегі тәжіктер орталығының жетекшісі Иззат Амон биыл 25 наурызда Ресейден Тәжікстанға депортацияланған. Тәжік билігі құқық қорғаушының қамауға алынғанын, оған "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген.

Ақпаратқа сәйкес, Иззат Амонға қарсы 12 адам арыз жазған. Олар 2014 жылдан 2020 жылға дейін "қылмыстық жауапкершіліктен босату", "уақытша тіркеу" және "депортациялау туралы сот шешімін жою үшін" Амонға ақша бергенін, бірақ ол көмектеспегенін айтқан.

Амонның жақтастары болса, бұл істің астарында саяси астар бар деп есептейді.

XS
SM
MD
LG