Ол абақтыдан шықпай жатып, осымен үшінші рет қамалып жатыр.
Жаңа жаза оған түрмеден шығуына бір күн қалғанда шығарылған. Бұл жолы оны 30 мамырда Оралдың орталық саябағында митингке қатысқаны үшін соттаған.
- Сот Оқасов өзінің іс-әрекетін мойындауы керек дейді. Босап шығуға мүмкіндік бермей отыр, - дейді белсендінің адвокаты Айсұлу Биялиева.
Орынбай Оқасов — көптеген наразылық акцияларға қатысушы, оралдық белсенді. Ол "Қазақстанның демократиялық таңдауы" мен "Көше партиясы" қозғалыстарын "экстремистік ұйым" деп тану туралы сот шешіміне қарсы шығып, биліктен Еуропарламент қарарын орындауды талап еткен белсенділердің бірі.