Ссылки доступа

Тәжікстан тұрғындарының электр энергия бойынша қарызы 115 млн доллар болған


Тәжікстан халқының электр энергия бойынша қарызы 1,3 млрд сомони ($115 млн) болды деп хабарлайды "Электр желілерін тарату" ААҚ басшысы Исмоил Маликов.

Исмоил Маликов бұл қарыз көп жылдар бойы жиналып қалған деді.

Бұл арада "Барки точик" компаниясының жауапты қызметкерлерінің бірі халықтың қарызы 10-20 жылдан бері жиналғанын, билік талдау жасап, оларды кешіру керектігін айтты.

"Халықаралық аудиторлардың ұсынысына қарамай, үкімет қазір жойылған колхоз бен совхоздордың қарызын кешіру керек", - дейді ол.

Бұл арада энергохолдингтердің бірқатар жұмысшыларының айтуынша, жоғарғы қызметтегі шенеуніктердің туыстарына тиесілі компаниялардың электр энергиясы бойынша қарызы көп.

XS
SM
MD
LG