Ссылки доступа

Әндіжанда облыс басшысымен кездесе алмаған әйелдер жолды жапты


В Андижане женщины, не попав на прием к главе области, вышли на проезжую часть, 31 июля 2021 года.
В Андижане женщины, не попав на прием к главе области, вышли на проезжую часть, 31 июля 2021 года.

Жергілікті блогерлердің 31 шілдеде хабарлауынша, Әндіжан қаласында бір топ әйел орталықтағы көшелердің бірін жапты.

Блогерлердің хабарлауынша, облыс әкімімен кездесуге кіре алмаған әйелдер наразылығын осылай білдірген. Облыс басшысымен жүздесу айына бір мәрте ұйымдастырылады.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеолардан ондаған әйелдің көшені жауып тұрғанын көруге болады.

"Озодлик" редакциясы наразы әйелдермен сөйлесу жолдарын іздестіріп жатыр.

Айта кетерлік жайт, Өзбекстанда халық билікке мәселелерін жеткізу үшін жолда жиі жабатын болған.

Мәселен, биыл қыста аймақтарда жарықсыз, газсыз қалған тұрғындар бірнеше мәрте жолды жапты. Билік наразылықтың бұл күріне жазаны күшейтуге талпынып жатыр.

Бұның алдында Бұхарада биліктен несие беруін талап етіп жолды жапқандарды жауапқа тартқан.

Өткен айда Қашқадария облысына қарасты Чиракчи ауданында "Айритим" ауылының тұрғындары жарықтың сөнуіне наразы болып, темір жол маңына жиналды. Ол жолмен "Афросиаб" жүрдек пойызы жүреді. Жолды жапқысы келген тоғыз азамат 15 тәулікке қамалса, тағы төрт адамға айыппұл салынды.

XS
SM
MD
LG