Ссылки доступа

"Шекарашыларың Қырғызстанды масқаралап жүр". Өзбекстандықтар президент Жапаровқа шағымданды


Граждане Узбекистана возле пункта пропуска «Достук» на границе с Кыргызстаном. Фото от 23 марта 2020 года.
Граждане Узбекистана возле пункта пропуска «Достук» на границе с Кыргызстаном. Фото от 23 марта 2020 года.

Өзбекстан азаматтары Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа үндеу жолдап, шекарада қырғыз шекарашыларының заңсыз тексерулері мен алым жинауын доғаруды талап етті.

"Құрметті президент Садыр Жапаров, өзбек азаматтары "Достук" тексеру бекетінен өткіп, Ош әуежайы арқылы Қазақстанның бірқатар қаласына баратынын білесіз. Бірақ шекарада Қырғызстанды масқаралайтын, жұрттың ашуын туғызатын жайттар болып жатыр". Блогер Исраилдің осындай үндеуі әлеуметтік желілердің өзбек сегментінде қызу талқыланып жатыр. Өзбек блогері Қырғызстан басшысынан шекарадағы мәселеге назар аударуын сұрады.

"Әскери қызметкерлеріңіз әр адамнын 50 мың сумнан (шамамен 300-350 сом) алып, содан кейін ғана шекарадан өткізеді. Оны төлемегендерді шекарадан өткізбей ұстап тұрады. Олар түрлі сылтаулармен адамдарды кері жібереді. Адамдар ақша төлеуге мәжбүр. Төлегісі келмегендерді ұстап тұрады, олар ұшаққа үлгермей қалады. Шекарадағы осы өткізу бекетіндегі жағдай туралы мәлімет алып, жемқорлықты жоюыңызды сұраймын", - дейді Исраил.

Ош қаласындағы журналист Хамидулло Узаков өзбек азаматтарының сөзін растады. Оның айтуынша, "Достук" шекара бекетін жемқорлық жайлаған. "Өзбекстанда билет қымбат. Сол себепті олар Ош арқылы басқа елдерге ұшады. "Достук" шекара бекетінде заңсыз алымдар туралы баяғыдан айтылып жүр. Олар (Өзбекстан азаматтары) бұл елдің заңдарын, кімге шағымданарын білмейді", - деп жазды журналист.

Бұл уақытта Қырғызстанның шекара қызметі айыптауларды жоққа шығарды. Мекеменің баспасөз хатшысы Гүлмира Борубаеваның айтуынша, коронавирус бар-жоғына қатысты анықтаманы Денсаулық сақтау министрлігі ғана сұратады, шекарашылар жеке тұлғаның құжаттарын ғана тексереді.

"Достук" тексеру-өткізу бекетіндегі парақорлық мәселесі парламентте де талқыланған. Наурызда шекара қызметі депутат Айнұр Алтыбаеваның сынымен келіспей, оның айтқандарын жоққа шығарған.

"Достук" тексеру-өткізу бекеті Ош облысының Кара-Сууй ауданында орналасқан. Өзбекстанның жүздеген азаматы шекарадағы осы бекет арқылы Ош қаласына өтіп, басқа елдерге ұшады. Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы бұл бекет ұзақ жылдар бойы жабық тұрды. Ол 2017 жылы ғана қайта ашылды.

XS
SM
MD
LG