Ссылки доступа

Нұр-Сұлтандағы экоқорғаушылар Талдыкөлді құртты деп шенеуніктерді айыптады (видео)


Эскиз парка возле озера Талдыколь, презентованный властями столицы. Нур-Султан, 27 августа 2020 года. Фото с официального сайта акимата
Эскиз парка возле озера Талдыколь, презентованный властями столицы. Нур-Султан, 27 августа 2020 года. Фото с официального сайта акимата

Нұр-Сұлтанда экоқорғаушылар мен жергілікті тұрғындар шенеуніктерді мыңдаған аң-құс мекендеген Кіші Талдыкөл теңдессіз көлдер тобын құртып жатыр деп айыптады. Бұл маңда туристік кешен салынғалы жатыр.

В Нур-Султане экозащитники обвиняют чиновников в уничтожении озер
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:28 0:00

Кіші Талдыкөл – қала ішінде орналасқан ұсақ көлдер тобы. Мұнда Қызыл кітапқа енгізілген құстар да мекендейді. Былтыр аң-құстардың тіршілігіне қауіп төнді. Астана билігі осы маңда тұрғын үйлер, демалыс аймақтары және шіркеуі бар туристік кешен салуды жоспарлаған.

"Құрылыс қарқын алғанда көлдер құрғай бастады, құстар ұшып кетті. Қала орталығындағы табиғаттың шағын бөлшегін сақтауға болады ғой", - дейді астана тұрғыны Ирина Антонова.

Экологтардың пікірінше, құрылыс Қазақстан мойнына алған халықаралық міндеттерге қайшы. Алайда шенеуніктер айтқанынан қайтпай отыр. Әлеуметтік желілердегі шудан кейін ғана билік ақтала бастады.

"Кіші Талдыкөл тұрғындарының наразылығынан соң әкімдік жұмыс тобын құрған. Бір-екі мәрте жиналдық. Одан соң шақырылмады. Олар бізді адам құрлы көрмейді, сауалдарымызға жауап бермейді. Жұмыс тобы жұрттың көңілін аулау үшін құрылған болса керек. Өйткені оның жұмысынан ешқандай нәтиже шықпады", – деді экобелсенді Айдана Сабденова.

Биыл сәуірде Нұр-Сұлтан әкімдігі қаласын бас сәулетшісінің мәлімдемесін жариялады. Нұрлан Уранхаев Кіші Талдыкөлді көл емес, су қоймасы деп атаған. Ол былтырғы сараптама нәтижесін алға тартып, Талдыкөл суында қауіпті заттар көп деген.

Талдыкөл суы ішуге жарамсыз. Бірақ үйректер мен аққулар үшін таптырмас мекен.

Экологтар көлді заңмен қорғай алмай отыр, өйткені шенеуніктер көлді су қорынан елді мекеннің жеріне жатқызып қойған.

"Олар оны көл емес, жер учаскесі ретінде қабылдайды. Ол су қорында болғанда, бұл жерлерге Су кодексінің ережелері жүретін. Енді ол бұл қорға жатпайды. Бір сөзбен айтқанда, олар табиғатқа қарсы қылмыс жасады", - дейді Экологтар қауымдастығының басшысы Лаура Маликова.

Белсенділер биліктен құрылысты, соның ішінде көлді құрғатуды тоқтатуын сұрады. Қазір құстардың ұялайтын уақыты. Енді қанаттылар мекенінен айрылуы мүмкін. Бірақ әкімдіктегілер белсенділер үніне құлақ аспай отыр.

XS
SM
MD
LG