Ссылки доступа

Баспасөз хатшысы: Өзбекстан президенті коронавирусқа қарсы екпенің екі дозасын да салдырды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев республикада мақұлданған үш вакцинаның бірін салдырған.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов 2 тамызда Ташкентте өткен брифингте мәлімдеді.

Журналистермен кездесуде тілшілердің бірі: "Президент екпе салдырды ма? Қандай вакцина салдырды?" - деп сұраған. Асадов мемлекет басшысының екпе салдырғанын мақұлдаған.

"Мемлекет басшысы, жауапты азамат ретінде, екпені толықтай салдырды. Президент екпе салдырған кезде елде вакцинаның үш түрі болды: Қытай мен Өзбекстан бірлесіп дайындаған вакцина, Спутник V және AstraZeneca. Мемлекет басшысы солардың бірін салдырды", - деді Шерзод Асадов. Баспасөз хатшысы президенттің нақты қай вакцинаны салдырғанын айтпады.

Өзбекстан президенті екпені телекамера алдында салдырмады. АҚШ президенті Джо Байден мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың екпе салдырғанын теледидардан көрсеткен. Мирзияевтің екпе салдырғанын растайтын сурет те жарияланбады.

Бұған дейін хабарланғандай, Шавкат Мирзияев 28 шілдедегі бейнеконференцияда екпе салдыруды тездету керектігін айтқан.

XS
SM
MD
LG