Ссылки доступа

Өзбекстанда мүгедек әйелді қызы ұрған деген мәліметті тексеріп жатыр


Қашқадария облысының милиция Карши қаласында мүгедек әйелді қызы ұрған деген мәліметті тексеріп жатыр. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік желілерде бір әйелдің мүгедек арбасында отырған әжені балағаттағаны, ұрғаны туралы видео тарады. Облыстық милиция осы оқиғаға қатысты мәлімет берді.

Хабарларға қарағанда, 13 шілдеде әйел мүгедек анасын Қашқадария облысы әйелдер кәсіподағының федерациясына алып келген. Ол федерациядан үй құрылысына ақша беруін сұраған.

Әйел анасын сол жерде қалдырып, біраз уақыттан соң ашумен оралған. Әкімшілік мүгедек әйелдің өтінішін қабылдамаған. Соған ашуланған қызы анасын балағаттап, одан соң оған қол көтерген.

Милиция осы оқиғаға байланысты тергеуге дейінгі тексеру жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG