Ссылки доступа

Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі мигранттарды неге тексеріп жатқанын айтты


Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі еңбек мигранттарын жаппай тексеріп жатқаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Елшілік құқық қорғау органдарының шетел азаматтарын, соның ішінде қырғызстандықтарды тексеруін Мәскеудегі метро станция маңындағы жаппай төбелеске қатысы барларды іздестіруімен байланыстырды.

Бұған қоса, елшілік Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен шетел азаматтары және азаматтығы жоқтар 30 қыркүйекке дейін депортацияланбайтынын ескертті.

Елшілік Қырғызстан азаматтарының құқықтарын қорғау үшін келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады.

12 шілдеде Мәскеудегі метро станциясы маңында қырғыз және тәжік мигранттары төбелесіп қалды. Елшілік мәліметі бойынша, Қырғызстанның 65 азаматы төбелеске қатысы бар деген күдікпен ұсталған.

Мигранттардың жаппай төбелесінен соң Ресейдегі шетел азаматтарын тексеру күшейген. Бұл мәселе Жогорку Кенеште де сөз болды.

XS
SM
MD
LG