Ссылки доступа

Бұхарада Абдуллахан медресесінің бір қабырғасы опырылып түсті


Бұхара облысының әкімдігі 30 шілдеге қараған түні Абдуллахан медресесінің артқы қабырғасының бір бөлігі опырылып түскенін растады.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, осыған байланысты жұмыс тобы құрылды. Көне ғимараттың бір қабырғасының опырылуын прокуратура тексереді.

Билік медресе қабырғасы қалай қалпына келтіретіні туралы ешқандай мәлімет таратпады.

Бұның алдында өнертанушылар ЮНЕСКО тізіміндегі көне ғимараттарға жасалған реставрация жұмыстарын сынаған.

"Абдуллахан" медресесін Бұхара билеушісі екінші Абдулла-хан 1588-90 жылдары салғызған.

Мәліметтерге қарағанда, медресе Бұхара қаласының 2500 жылдығына орай 1997 жылы реставрацияланған.

XS
SM
MD
LG