Ссылки доступа

Тәжікстанда қаржы полициясында істеймін деп алаяқтық жасаған азамат ұсталды


Истаравшан қаласының 34 жастағы тұрғыны алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Іс сотқа жолданды.

Биліктің хабарлауынша, Хусрав Бобозода өзін Жемқорлықпен күрес агенттігінің қызметкерімін деп таныстырып, тұрғындар "мәселесесін шешемін" деген жалған уәдемен ақша алған. Күдікті шамамен 300 мың сомони (26 мың доллар) жинаған.

Қаржы полициясы мұндай азамат агенттікте жұмыс істемейді деп мәлімдеді.

Бобозода ұсталды, оның үстінен қозғалған қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды.

XS
SM
MD
LG