Ссылки доступа

Қырғызстанның экс-премьері Темір Сариев "Құмтөр" ісі бойынша ұсталды


Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті бұрынғы премьер-министр Темір Сариевті с. Об этом сообщили в пресс-службе Госкомитета нацбезопасности.

Сариев "Құмтөр" алтын кеніндегі жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс аясында ұсталған.

"Тергеу анықтағандай, Сариев экономика министрі болып тұрған кезде "Құмтөр" кеніндегі жұмыстардың экологияға зардабын бірнеше миллиард сомқа төмен бағалаған", - деп хабарлады арнайы қызмет.

Сариев уақытқа тергеу изоляторында отыр. 1-май аудандық соты оны қамауда ұстау-ұстамау мәселесін қарайды.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Құмтөр ісі бойынша бірнеше депутат пен шенеунікке айып таққан. 31 мамырда бұрынғы премьер-министр Омурбек Бабанов, Жогорку Кенеш депутаттары Асылбек Жээнбеков пен Торобай Зулпукаров, экс-депутат Исхак Пирматов пен Талантбек Узакбаев арнайы қызметтегі тергеуден соң ұсталды.

9 маусымда президент Алмазбек Атамбаевтың Жогорку Кенештегі бұрынғы уәкілетті өкілі Данияр Нарымбаев, экс-депутат Алмазбек Баатырбеков қамауға алынды. Үкіметтің парламенттегі бұрынғы өкілі Динара Молдошева күдікке ілікті, ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Сонымен бірге бұрынғы бірінші вице-премьер-министр Тайырбек Сарпашев ұсталды.

Экс-депутатта Алмазбек Баатырбеков пен Талантбек Узакбаев, Исхак Пирматов, сонымен бірге бұрынғы бірінші вице-премьер-министр Тайырбек Сарпашев тергеумен келісімге отырып, олар үйқамаққа ауыстырылды.

Арнайы қызмет бұрынғы президенттер Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиевке іздеу жарияланғанын хабарлады. Ақаев 2 тамызда Бішкекке келіп, арнайы қызметте тергеуде болды. Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың әрекеттеріне де заң бойынша баға берілетіні айтылды.

XS
SM
MD
LG