Ссылки доступа

Тәжікстанда құқық қорғаушы Иззат Амонның жақтасын экстремизмге үндеді деп айыптады


Хусейн Ишанкулов
Хусейн Ишанкулов

Тәжікстан билігі "Тоджикон" заң орталығының бұрынғы қызметкері Хусейн Ишанкуловты БАҚ пен интернет арқылы экстремизмге үндеді деп айыптады. Ишанкулов – Душанбеде қамауда отырған құқық қорғаушы Иззат Амонның жақтастарының бірі.

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі Ишанкуловтың үстінен іс қозғауға нақты не себеп болғанын хабарламады. Тәжік мигранттарының құқықтарын қорғап жүрген Ишанкулов бес жылдан он жылға дейін сотталуы мүмкін.

Хусейн Ишанкулов тәжік мигранттарының құқықтарын қорғаған Иззат Амонды тәжік билігінің қудалауын сынаған.

Ишанкулов 2015 жылдан бері Мәскеуде тұрады.

Ресей астанасындағы "Тоджикон" заң орталығының жетекшісі Иззат Амон 25 наурызда Тәжікстанға депортацияланған. Оған алаяқтық жасады деген айып тағылған. Биліктің мәліметінше, оның үстінен он екі адам шағымданған.

XS
SM
MD
LG