Ссылки доступа

Тәжік қаржы министрлігі шекарадағы жанжалдан зардап шеккендерге көмек есебіне қанша ақша түскенін хабарлады


Тәжікстанның қаржы министрлігі әлеуметтік желі қолданушыларының сынынан соң тәжік-қырғыз шекарасындағы жанжалдан зардап шеккен тұрғындарға көмек есебіне қанша ақша түскенін хабарлады.

Бір күн бұрын қаржы министрінің бірінші орынбасары Жамшед Каримзода банк есебіне ақша түспеді деп мәлімдеген.

Журналист, фейсбуктегі "Ахбор барои афкор" тобының модераторы Раджаби Мирзо қаржы министрлігінің есебіне 10 мың сомони ($855) жолдағанын айтқан. Раджаби Мирзо және ондаған адам банк есебіндегі ақшай қайда кетті деп сұрады.

Ертесіне министрліктің баспасөз қызметі көмек есебіне 206 мың сомони түскенін, қаражат "көзделген мақсатқа жұмсалып жатқанын" хабарлады.

XS
SM
MD
LG