Ссылки доступа

Тәжік оппозициясы 33 белсендісі ұсталғаны туралы ІІМ мәліметін жоққа шығарды


Протест сторонников таджикской оппозиции в изгнании
Протест сторонников таджикской оппозиции в изгнании

Тәжік оппозициясы жақтастарының ұсталғаны туралы мәліметті жоққа шығарды. Бұның алдында Тәжікстанның ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода экстремизм күдігімен ұсталған туралы ақпарат берген.

4 тамызда өткен баспасөз конференциясында Рахимзода биыл 143 адам тыйым салынған қозғалыстар мен ұйымдарға, террористік және экстремистік топтарға қатысты деген айыппен ұсталғанын айтқан. Министрдің мәлімдеуінше, Тәжікстан ислам өркендеу партиясының, Тәжікстан ұлттық альянсының және "Группы 24" қозғалысының 33 өкілі ұсталған.

Тәжікстанда тыйым салынған ТИӨП жетекшісі, ТҰА төрағасы Мұхиддин Кабири тәжік министрінің сөзін жоққа шығарды. Саясаткердің айтуынша, министрдің мәлімдемесінде насихат басым. ТИӨП мен ТҰА біраздан бері Тәжікстанда жұмыс істемейді, дейді Кабири.

"Группы 24" қозғалысының басшылары да 13 жақтасы ұсталды дегенді терістеді. "Өтірік. Биыл қозғалыстың бір ғана белсендісі ұсталды. Рахматжони Махмаджонды Ресейде ұрлап әкетіп, Тәжікстанға депортациялады. Тәжікстан билігі қазір оның қайда отырғанын, оған қайндай айып тағылғанын айтпай отыр", - деді қозғалыстың баспасөз хатшысы Саидали Ашуров.

Еске салайық, Тәжікстанның Жоғарғы соты 2015 жылғы 29 қыркүйекте Тәжікстан ислам өркендеу партиясын террористік ұйым деп танып, оның республикада қызмет етуіне тыйым салды.

Тәжікстанның ұлттық альянсы 2019 жылғы 15 тамызда террористік-экстремистік бірлестік деп танылған. Жоғарғы сот оның ел аумағында қызмет етуіне тыйым салды.

"Группа 24" қозғалысы 2012 жылы Мәскеуде құрылған. 2014 жылғы 9 қазанда Тәжікстанның Жоғарғы соты қозғалысты экстремистік ұйым деп танып, оған тыйым салды.

Тәжікстан билігі жиырма шақты ұйым мен қозғалысқа тыйым салған.

XS
SM
MD
LG