Ссылки доступа

Қырғыз арнайы қызметі: Бір ғана вебкам-студия аптасына 100 мың доллар тапқан


Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті вебкам-студиялар ұйымдастырып, қылмыспен келген табысты заңдастырған топты әшкереледі.

Комитет мәліметі бойынша, бұл топ Бішкек қаласында 15-тен астам вебкам-студия ашқан. Бір ғана студия аптасына 90-100 мың доллар табыс әкелген.

"Бірақ табыстың 5-10 пайызы ғана осы салада жұмыс істейтіндерге тиген", - деп хабарлады арнайы қызмет.

3 тамызда күш құрылымдары қылмыстық топты ұйымдастырушыларды ұстады. Тінту барысында 27 мың доллар, компьютерлер және "онлайн-режимде интим қызметін ұсынуға арналған заттар" тәркіленді.

"Басты ұйымдастырушы П.И. комитеттің тергеу изоляторына қамалды", - делінген ресми мәліметте.

XS
SM
MD
LG