Ссылки доступа

Өзбекстанда жемқорлыққа шағымданатын сайт қосылды


Өзбекстанның жемқорлыққа қарсы агенттігі шағымдар қабылдауға арналған Eantticor.uz сайтын қосты.

Агенттіктің хабарлауынша, өзбекстандықтар сайтта төрт тақырып бойынша мәлімет қалдыра алады. Олар: "Мемлекттік органның адал қызметкерін кездестірдім", "Пара бердім", "Параға қатысы жоқ жемқорлық әрекетіне куә болдым" және ""Жемқорды кезіктіріп, пара беруден бас тарттым".

Агенттік сайт мәліметінің көмегімен мемлекеттік мекемелердің жемқорлыққа қатысты рейтингін жасауды көздеп отыр.

Өзбекстанда жемқорлық елдің дамуын тежейтін басты кедергілердің бірі деп талай рет айтылған. Әлемдегі жемқорлықты зерттейтін Transparency International ұйымы 2020 жылғы есебінде Өзбекстанды 180 елдің ішінен 146-орынға қойды.

XS
SM
MD
LG