Ссылки доступа

Тәжікстанда тікұшақ апатқа ұшырады: бір адам опат болып, төртеуі жараланды


Иллюстративное фото

Тәжікстан шекара әскерінің Ми-8 тікұшағы 5 тамызда Таулы Бадахшан автономиялы облысының аумағында апатқа ұшырады. Тікұшақ экипажы тауда 5 мың метр биіктікте қалып қойған ресейлік туристерге көмектесуге шыққан.

Апаттан бір адам опат болды, төрт адам жараланды, деп хабарлады Озоди радиосының осы өңірдегі дереккөзі. Апат жергілікті уақыт бойынша сағат 12-де Поймазор қышлағының маңында болған. Тікұшақ ресейлік жеті туриске көмектесу үшін ұшып шыққан. Туристер көмек дабылын 28 шілдеде жібергені мәлім.

"Аудан басшысы, шекара әскері мен басқа да күш құрылымдарының өкілдері апат болған жерде жүр. Мендегі ақпарат бойынша, Ми-8 тікұгағы шекара әскеріне тиесілі. Тікұшақ ұшқышы қаза тапты. Төрт адам ауруханаға жеткізілді", - деді дереккөз.

Шекара әскерінің тікұшағы апатқа ұшырағаны туралы ресми ақпарат әзірге тарамады.

Поймазор қышлағы Федченко, Кашолаях және Медвежий мұздықтарына жақын орналасқан.

XS
SM
MD
LG