Ссылки доступа

Өзбекстан мен Түркіменстан арасында әуе және халықаралық жол қатынасы қалпына келеді


Өзбекстан мен Түркіменстанның көлік министрліктері жақында әуе және халықаралық көлік қатынасын қалпына келтіруге кіріседі.

4 тамызда Ашғабадта Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Сардор Умурзаков пен Түркіменстан премьер-министрінің орынбасары Эсенмурад Оразгелдыев осы мәселені талқылады.

Тараптар екі ел арасындағы қатынасты қалпына келтіруге келіскен. Шенеуніктер шекарадағы бекеттердің өткізу мүмкіндігін арттыру мәселесін де сөз еткен.

Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы қатынас былтыр көктемде коронавирус пандемиясына байланысты уақытша тоқтаған.

XS
SM
MD
LG