Ссылки доступа

Тәжікстанның жемқорлықпен күрес агенттігі "Фотехобод" шекара бекеті қызметкерлерінің пара алғанын анықтай алмады


У КПП "Фотехобод" ("Ойбек")

Соғды облысы жемқорлықпен күрес және қаржы бақылауы жөніндегі агенттік басқармасының хабарлауынша, биыл Тәжікстан мен Өзбекстан арасындағы шекарада орналасқан "Фотехобод" ("Ойбек") бекетінің қызметкерлеріне қатысты бір ғана шағым түскен.

"Шағымды кім түсіргені белгісіз, сол себепті арыз қаралмады", - деді агенттік басқармасының басшысы Шараф Аваззода 3 тамызда Худжанд қаласында өткен баспасөз конференциясында.

28 шілдеде Ресейге жолға шыққан жүздеген адам "Фотехобод" ("Ойбек") шекара бекеті қызметкерлерінің жұмысына шағымданып, олар пара алатынын айтқан. Шекара қызметкерлері 1300 сомони (100 доллардан астам) параға шекарадан өткізеді деген сыбыс тарады. "Мұндай ақшаны қайдан табам, зейнетақым бар болғаны 200 сомони. Олар көлеңкеде отырып осылай ақша табады", - дейді бекеттен өте алмай жүрген бір әйел.

Озоди радиосы сайтының оқырмандары да өзбек-тәжік шекарасындағы мәселелер туралы жазды. Ресейден елге қайтқан мигранттар өзбек бекетінен тез өтеді де, тәжік бекетінде бірнеше сағат бойы кезекте тұруға мәжбүр.

"Біз бір апта бойы осы мәселемен айналыстық. Мемлекеттік шекарадан өтетін азаматтардан бізге хабарласып, қызметкерлердің пара алғанын айтып беруін сұраймыз. Бірақ олар бұған келіспейді, сол себепті шекара бекетінің қызметкерлеріне айып таға алмаймыз", - дейді басқарма басшысы Аваззода.

XS
SM
MD
LG