Ссылки доступа

Ош қаласының тұрғындары тағы сусыз отыр


5 тамызда таңертең Ош қаласында ауыз суды тағы өшіріп тастады.

Мәліметке қарағанда, ауыз су үш шағын аудан мен қалаға қарасты екі ауылда ғана бар. Ош қаласында судың өшірілуіне Ак-Буура өзені суының лайлануы себеп болған.

Су қашан берілетіні әзірге белгісіз.

Заманауы су жүйесінің болмауы қала тұрғындарын әбіржітіп қойды. Ак-Буура өзенінің суы жаңбыр жауған уақытта лайланады, сол кезде Ошта су тоқтап қалады. Қала суды осы өзеннен алады.

XS
SM
MD
LG