Ссылки доступа

Тәжікстанда жағдайы жоқтарға әлеуметтік жәрдемақы төлене бастады


Тәжік билігінің мәлімдеуінше, елде жағдайы жоқ отбасыларға жәрдемақы төлене бастады.

Денсаулық сқатау және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, 500 сомони (50 доллардан аз) көлеміндегі жәрдемақы 165 мың отбасыға беріледі. Қаражат Дүниежүзілік банктің биыл мамырда Тәжікстанға берген гранты есебінен алынады.

Мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, әлеуметтік төлем биыл тамыздан желтоқсанға дейін беріледі. Тамызда 84 мың отбасы 42 млн сомони алады.

Тәжікстанда халықаралық гранттар есебінен әлеуметтік көмек беру осымен екінші мәрте ұйымдастырылды.

Бұның алдында Дүниежүзілік банк шамамен 70 мың отбасыға 35 млн сомони жәрдемақы төлеген.

Тәжікстанның ресми билігінің хабарлауынша, халықтың 30 пайызы кедей тұрады.

XS
SM
MD
LG